Әбдішев қысымға шыдамай Ахметовке жала жапқанын мойындады
2015 ж. 29 шілде
3500
4
Сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен Қарағанды облысының басқа да бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің және бизнесмендердің қылмыстық ісі бойынша басты сот талқылауы 10 тамызға тағайындалды.
«Басты сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызға тағайындалсын», — деп хабарлады алдын ала тыңдау аяқталғаннан кейін Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Исламхан Есенбаевтың мәлімдемесін Қазақпарат келтірді. Сот алдын ала тыңдау барысында мәлімделген сотталушыларды қорғау қолдаухаттарын қабылдамады. Серік Ахметовтің адвокаттары оған сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе ысырап ету, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануға байланысты эпизодтар бойынша қылмыстық құрамның жоқ болуына орай екі бап бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатуды өтінді. Бұдан басқа, қорғау тарапы шығын сомасын азайтуды талап етті. Алдын ала тыңдау аяқталған кезде сөз алған облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев Ахметовке жала жапқанын мойындады деп хабарлайды КТК арнасы. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі мұны қысымға шыдамай жасадым деп отыр. Сондықтан бүгін, 28 шілде де ол судьядан тергеу кезінде берген жауаптарының күшін жоюды сұрады. Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, тергеушілер оны шақырып алып экс-премьер Серік Ахметовке қарсы бірнеше эпизод бойынша жала жабуды талап еткен. Әйтпесе, өзіңнің жағдайың мүшкіл болады депті. «Айғақты жоққа шығаруды өтінемін, мен бұл айғақты қатты қысым көрсеткендіктен, ауыр баппен қорқытқаннан кейін мойындадым», — деді Бауыржан Әбдішев. Судья бұл қолдаухат басты сот талқылауында қаралатынын хабарлады.Источник: Nur.kz