Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің экс-басшысы Мұрат Оспанов айыппұлдың бір бөлігін төледі

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің экс-басшысы Мұрат Оспанов 129,3 млн көлемінде айыппұлдың бір бөлігін төледі, деп хабарлады Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

oXVGgSohSUhMtjMxSkhfS9De “2015 жылдың 8 сәуірінде Оспанов мемлекеттік қазынаға 129 миллион 369 мың теңге көлемінде айыппұлдың алғашқы бөлігін төледі”, – деді Баянова сейсенбі күні телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне. Ол нақты кестенің жоқ екенін, сотталушының 6 ай ішінде мемлекеттік қазынаға қанша және қашан төлейтінін өзі шешетінін түсіндірді. Бұған дейін хабаранғандай, соттың ағымдағы жылдың 26 наурызындағы қаулысы бойынша Мұрат Оспановтың 1,1 млрд теңге көлеміндегі айыппұлды төлеу мерзімі 6 айға ұзартылған. Еске салсақ, ағымдағы жылдың ақпанында сот Мұрат Оспановты айыпты деп танып, және оған Қылмыстық кодекстің 55 бабын қолданып, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салынып, оған тиесілі мүлкін тәркілеп, өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекеттік функциямен байланысты лауазым алуына тыйым салу жазасын тағайындаған. Оспановтың айыппұл сомасын үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төленуі айтылған болатын. Ол сот залында босатылды. Одан басқа, сот Қазақстан президентіне Мұрат Оспановты “Құрмет” орденінен айыру туралы ұсыныс бермекші болған. Сондай-ақ сот мемлекет пайдасына Оспановтың жеке мүліктерін: тұрған жерін тінту барысында табылған бірнеше маркалы сағаттарын, ноутбукты, планшет, компьютер, Ipad және $37 мың ақша, сондай-ақ Семейдегі тұрғын үй кешеніндегі үлесін алды.