Барлау басқармасының экс-агенті Мэрилин Монроны өлтіргендігін мойындады

monro 17 04 2015 01:07 АҚШ Орталық бақылау басқармасының экс-агенті Норман Ходжес таң қаларлық мәлімдеме жасады. Ауруханалардың бірінде хал үстінде жатқан агент атақты Голливуд актрисасы Мэрилин Монроның өмірін қиғандығын айтыпты. Ходжес мәлімдегендей, ол бірнеше ондаған жыл бойы басшылықтың АҚШ қауіпсіздігі үшін қауіп тудырған адамдарды өлтіру туралы бұйрықтарын орындап келген. Агент Құрама Штаттар үшін қауіпті саналған ғалым, тілші, оппозиция өкілдері мен өзге де адамдардың көзін жойып отырыпты. Ал Монро осы «қара тізімге» ілінген жалғыз нәзік жанды болған екен. Оны өлтірудің басты себебі – жұлдыздың әуелі АҚШ президенті Джон Кеннедимен, ал содан соң Куба көсемі Фидель Кастромен жақын қарым-қатынаста болғандығы. Мұндай байланыстан Американың стратегиялық маңызды деректері Бостандық аралына жария болып кетуі ықтимал болған, деп жазады planet-today.ru. Сол себепті Ходжес Монроны өз-өзіне қол салғандай етіп, өлтірген екен. Дайындаған: Г.Абилова Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59460-barlau-bas-armasyny-eks-agenti Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz / Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.