АҚШ елшісі өзі елінің Қазақстанда үстемділікке ұмтылмағанын айтты

АҚШ өз құндылқтарын басқа елдерге таңуға ұмтылмайды дейді, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол.

Джордж Крол «Елдің келешегі туралы шешімді Құрама Штаттары немесе басқа елдер емес, дәл осы халықтың өзі қабылдай алады (…) Құрама Штаттары өзінің сыртқы саясатында мүдделерін емес, құндылықтарын күйіттейді. Түптеп келгенде біздің құндылықтарымыз – біздің мүдделеріміздің негізі. Бірақ біз өз құндылықтарымызды таңуға тырыспаймыз. Біз мемлекеттерді өзіміз қол қойған халықаралық құжаттарда бекітілген өз міндеттерін орындауын ынталандырамыз», – деді  Крол бейсенбі күні әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттерімен кездесуінде. Кролдың айтуынша, жалпы алғанда АҚШ пен Қазақстанның Орталық Азиядағы мүдделері сай келеді. «Соңғы жиырма жылда Құрама Штаттары мен Қазақстан тиімді және өнімді серіктестік пен өзара түсіністік орнатқанын мен қуанышпен атап кеткім келеді. Шындап келгенде, біз қазір біздің қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деп атаймыз, себебі біздің стратегиялық мақсаттарымыз ортақ, біз орнықты тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, экономикалық гүлденуді және жаппай қырып-жою қаруын өңірде және бүкіл әлемде таратпауды ынталандыру үшін оған бірлесе қол жеткізу бағытында жұмыс атқарудамыз», – деді ол. Бұл ретте ол АҚШ ешқашан осы өңірде үстемділікке ұмтылмаған деп атап кетті. «АҚШ осы өңірдегі мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да, білім, денсаулық сақтау, толеранттылықты және табысты басқаруда өздерінің жеке институттарын құруда, есірткі саудасына, экстремизм, терроризмге қарсы тұруда және жаппай қырып-жою қаруын таратпауда  күш-жігерін ынталандыруға ұмтылды. Сондай-ақ АҚШ мемлекеттің осы өңірде және әлемде тығыз қарым-қатынас орнатуда мемлекеттің күш-жігерін қолдады. Осылайша, АҚШ ешуақытта аталған өңірде үстем болуға, немесе оған үнемі басқа мемлекет есебінен ұтып отыратын ойыншыға қарағандай қарауға ұмтылған емес», – деді ол.