Владимир Путин. Фото: РИА Новости
Мекеме мәліметтеріне сай Ресей президенті Үкімет басшыларымен 2015 жылдың ақпанында өткен кеңестен кейін Ресей Банкіне Ресей Федерациясы Үкіметімен және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерімен бірігіп, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде алдағы валюта және қаржы саласындағы интеграция бағыттарын айқындап, келешекте валюталық одақ құру мүмкіндігін анықтауды тапсырды.
Есеп беру мерзімі – 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.
Жауапты ретінде Ресейдің Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина мен Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев тағайындалды.