Мемлекет басшысы болғысы келген үміткер "мемлекет" деген сөзді жаза алмады
2015 ж. 05 наурыз
2829
3
Президенттікке үміткер қазақ тілінен емтихан тапсырды
Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның алдында емтихан тапсырған президенттікке үміткер Асқар Сырғабаев "Әлемдік дағдарыс және Қазақстан экономикасы" деген тақырыптағы шығармада 92 қате жіберген.
Бұл туралы президенттікке үміткерлерден мемлекеттік тілден емтихан қабылдаған лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz. Мырзатай Жолдасбеков лингвистикалық комиссия президенттікке үміткер Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілді меңгере алмаған деген қорытындыға келгенін айтты. Үміткер бірінші жазба жұмысына "Әлемдік дағдарыс және Қазақстан экономикасы" деген тақырыпты таңдап, шығарма жазған. Өкініштісі, екі бет жазба жұмысында 92 қате жіберіпті. Соның ішінде "мемлекет" деген сөзді дұрыс жазбаған. Екінші тапсырма ретінде Бауыржан Момышұлының шығармасын таңдаған. Онда оқу мәнері де әлсіз болып, түсініксіз сөздер өте көп болған. Бұл да мемлекеттік тілді толық меңгермегенінің нәтижесін көрсеткен. Сырғабаев үшінші сұрағында "Ер бірлігі – елдің арқауы" деген тақырыпта сөйлеу керек екен. Бұл кең ауқымды тақырыпта сөйлеуге мүмкіндік беріліпті, алайда үміткер берілген 15 минуттың орнына тоғыз минут сөйлеген. "Қысқаша айтқанда, лингвистикалық комиссия Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілді меңгере алмаған деген қорытынды жасап отыр", - деді Жолдасбеков.qazaquni.kz