Алайда ол екі аптаға кейінге қалдырылды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тек Қазақстаннан ғана 7 жарым миллиард доллар жымқырып әкеткен банкир Ресей мен Украинадағы қаржы құйтырқылықтарына да қатысы бар деп айыпталды. Содан бері бас сауғалап жүрген Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда қолға түскен болатын.
Енді үш бірдей мемлекет қашқын олигархты экстрадициялауға таласып жатыр. Алаяқ банкирді қай мемлекетке тапсыратынын Франция соты бүгін айтады.
Одан кейін осы елдің премьер-министрі қаулы шығарып, Әблязовты үш елдің бірінің құзырлы орындарына табыстамақ.