Минск келіссөзі екінші күнге жалғасты
2015 ж. 12 ақпан
1682
0
Шығыс Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы Минск келіссөзі 11 сағатқа созылды. Кездесуге Украина президенті Петр Порошенко, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Ресей президенті Владимир Путин қатысып отыр.
Келіссөз барысында Путин қарандашын сындырды |
Германия сыртқы істер министрлігі "келіссөз ауыр жүріп, бірақ жалғасып жатқанын" хабарлап, сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Бразилияға баратын сапарынан кешігіп жатқанын айтты.
Ал Ресей сыртқы істре министрі Сергей Лавров бұдан ертерек керісінше, келіссөз "жап-жақсы жүріп жатқанын" айтқан. Украина президентінің көмекшісі Валерий Чалый Facebook-те 12 ақпан таңға жуық келіссөз әлі кемінде алты-жеті сағатқа созылуы мүмкін екенін жазған. Чалый "Бізге бұл жерден қақтығысты тоқтату туралы кесімді келісім жасаспай кетпеу керек" деді. Мұның алдында украиналық делегация Reuters агенттігіне Минскіде өтіп жатқан Украина, Ресей, Германия және Франция жетекшілерінің келіссөзінен соң Украинаның территориялық тұтастығына кепілдік беретін бірлескен декларацияға қол қойылуы мүмкін екенін хабарлаған. Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, бұл декларацияны Украина, Ресей мен ЕҚЫҰ үшеуінің байланыс топтары әзірлеп жатыр. Құжат былтыр қыркүйекте Минскіде жасалған келіссөз шарттарын орындау туралы міндеттемелерден тұрады.Ресей сыртқы істре министрі Сергей Лавров бұдан ертерек керісінше, келіссөз "жап-жақсы жүріп жатқанын" айтқан
Минскіде келіссөз жүріп жатқан күні Украинаның шығысында ел әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыс толастамай бірнеше адам оққа ұшты. Донецкідегі ауруханалардың біріне тағы снаряд тигені хабарланды. Былтырғы көктемде Ресей Қырымды аннексиялап алған соң Украинаның шығысында қарулы сепаратистер бас көтеріп, бүгінге дейін Донецк және Луганск облыстарында соғыс жүріп жатыр. Осы қақтығыс кезінде өлгендер саны 5 мыңнан асып кетті. 2014 жылғы қыркүйекте Украина мен Ресей өкілдері Минскіде оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол қойған. Бірақ соңғы айларда жағдай ушыға түскесін өткен аптада Германия мен Франция Ресей мен Украинаға жанжалды реттеу бойынша жаңа ұсыныс жасаған.