ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ОДАҚТА ЖЫЛҚЫ МІНЕЗДІ БОЛАЙЫҚ!
2015 ж. 01 қаңтар
6657
10
ҚОЙ ЖЫЛЫ ОДАҚТЫҢ ҚОЙДАЙ ОТАРЫ БОЛЫП КЕТСЕК, АТА-БАБА ӘРУАҒЫ КЕШПЕЙДІ!!!
Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірген ел болғанымызға 55 минут болды! 1991 жылы - Қой жылы Қазаққа ата-бабамыз мойынына бұршақ салып Алладан тілеген ТӘУЕЛСІЗДІКТІ СЫЙЛАДЫ. КЕҢЕС ОДАҒЫНАН ЕҢ СОҢҒЫ БОЛЫП ҚҰТЫЛЫП ШЫҚТЫҚ! ЕНДІ МІНЕ, 2015 ЖЫЛЫ ҚОЙ ЖЫЛЫ Еуразиялық Экономикалық ОДАҚҚА ЕЛДІҢ АЛДЫМЕН ШАУЫП КІРДІК! Тәуелсіздікті қой жылы алған соң ба, қойдай қоңыр мінезбен келеміз. Біздің басты СҮЙЕНІШІМІЗ болып отырған Ынтымақ, Бірлік нәтижесі - ТЫНЫШТЫҚ, яғни, бар мәселе қазақтың есебінен шешіліп келеді. Енді Бұл Одаққа кіруге қол қоюымыз - ЖЫЛҚЫ жылының 29 мамыры болғанын санада берік ұстап, ЭКОНОМИКАЛЫҚ-САЯСИ БӘСЕКЕДЕ, ҰЛТ МҮДДЕСІН САҚТАУДА асау арғымақ үстінде өскен арда қазақ ЖЫЛҚЫ мінез көрсетпесек, тең дәрежелі ОДАҚТЫҢ мүшесі емес, ҚОЙ жылы ҚОЙДАЙ ОТАРЫ болып кете береміз! ОНДА БІЗДІ АТА-БАБА ӘРУАҒЫ ЕШҚАШАН КЕШПЕЙДІ! АЛ, АЛЛА БЕРГЕН АЗАТТЫҚТЫ ЕНДІ УЫСТАН ШЫҒАРЫП АЛАР БОЛСАҚ... БҰДАН КЕЙІН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЕШҚАШАН ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙМЫЗ!.. ЕҢ БАСТЫСЫ - БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ - ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ТИТТЕЙ ДЕ НҰҚСАН КЕЛТІРМЕЙ, КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАП, АЗАТТЫҒЫМЫЗ ЖОЛЫНДА БӘРІНЕ ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК! Мен ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ жазылып, 29 мамырда фейсбукте жарияланған жырымды қайта бір оқығым келіп тұр... АЗАТТЫҚ АЗАТТЫҚТЫ Алла бізге бір берген, Сақтап қалу- Басты талап күнде ерден!.. ҰЛТЫН қорғар ҰЛ болады уызды ЕР, Құлқынды ойлар ҚҰЛ болуды кім көрген!?. Көзін сүзген ЖЕРІМІЗГЕ қаншама ел,- Қайда ҚАЗАҚ ҚАЗЫНАСЫ бар сенер? Қайран елім, қалай МӘҢГІ болады, Қарын үшін, Қамыт сатып алса егер… Айттық талай АЛАШ жырын зар ғылып, ЕЛ қорғайтын ЕР болуы – заңдылық! Қорғай алмау – қорлық өлім емес пе, АТА-БАБА кеткен ЖЕРДІ қалдырып!?. ҚАРЫНЫ ТОҚ БОЛМАСА ДА ЕЛ… ӨЛМЕЙДІ,- ҚАМЫТЫ ЖОҚ БОЛУ КЕРЕК МӘҢГІЛІК! Азат елде атай алмай атаңды, Әлі шырқап келеміз біз жат әнді… Бейшаралық – саясат боп сауатты, Белдескендер халық жауы атанды! Ширек ғасыр не істеген ел кеше… Биліктілер жеңіс бермес жем… десе, Атын білмес атқа қалай қонады, Неғып отыр ҰЛТТЫҢ ҚАУПІН көрмесе?.. ЖОҒАРЫДА жоқ болса егер АР-НАМЫС, ТӨМЕННЕН БІЗ қолға аламыз ендеше!!! КӨК ТҮРІКТЕН қалған еді айбынды үн, КӨКБӨРІДЕН көз жазып қап, айрылдым… КӨК ТУ – Көп ту… болмаса деп, қайғырдым! Күшігінен таланғанда қай бір мұң… НАМЫС болса, БАРЫС сонда боласың, Әйтпесе, тек күні болар маймылдың… ТІЛІҢ болса- ТІРІСІҢ сен, естір мың, Оян, қазақ! Қалма астында көшкіннің! Есінеумен есіл өткен уақыт, Ежелгі жау ел болмасын кеш білдің!.. ТӘУЕЛСІЗДІК!- АЛЛА СЫЙЫН ЕШҚАШАН, САУДАЛАУҒА ХАҚЫСЫ ЖОҚ ЕШКІМНІҢ! Шығармай қан шықсақтағы белеске, Қанды қасап, көрген зұлмат, көбі есте! ҚАСІРЕТКЕ айналмасын ҚАСИЕТ – ЖЕРДІ ҚОРҒАУ – ЕЛДІ ҚОРҒАУ ЕМЕС ПЕ?!. ОТАН болу – айналсын ел әніне, ОТАР болсаң, бұл өмірдің мәні не?!. Қыл үстінде тұрса АЗАТТЫҚ, ендеше, Ат үстінде аттанамыз БӘРІНЕ!!!Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz