Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен келіспейді
2014 ж. 27 қараша
1789
1
Астана. 26 қараша. Baq.kz - Ахметов мемлекет қаржысына қол сұққан жоқпын деп отыр. Бұрынғы премьер-министр өзіне тағылған ауыр айыппен келіспейтіндігін айтты.
Тергеушілердің айтуынша, Серік Ахметов жемқорлыққа қарсы агенттіктің таққан айыбымен толық танысып шығыпты. Бірақ экс-премьер құжатта жазылған кінәмен келіспейтіндігін айтып, мұның бәрі тергеушілердің ойлап тапқаны деп мәлімдепті. Қазір Серік Ахметов Қарағандыдағы коттеджінде екі айға үйқамақта отыр. Өйткені ол дәл осы баспанасында тұрақты тіркеуде екен. Құзырлы орган қызметкерлері шенеунікті күзетуде. Оған телефон мен ғаламтор арқылы байланысқа шығуға да қатаң тыйым салынған. Ахметов Қарағанды облысының әкімі болған кезінде «ірі көлемде мемлекет ақшасын ұрлады» деп айыпталуда. Ол 2011 жылы әкімдіктен кеткен соң премьер болып, ал биыл сәуірде Қорғаныс министрі болып тағайындалды да, небары жарты жылдан кейін өз еркімен қызметінен кетті.