Серік Ахметовке телефон және интернетпен хат-хабар алмасуға тыйым салынды
2014 ж. 25 қараша
3479
3
Үй қамақта отырған Серік Ахметовке телефонмен сөйлесіп, интернет арқылы хат-хабар алмасуына тыйым салынды.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
"Біз тәуліктің кез келген уақытында Ахметовтің үйіне кіріп, үйінде ме, жоқ па, телефонмен немесе интернет арқылы біреулермен сөйлесіп жатыр ма, осындай әрекеттерін бақылаймыз", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері.
Еске сала кетейік, экс-премьер Серік Ахметов жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен 2 айға үйқамаққа алынған болатын.