Қазақстандық шенеуніктер әлем имиджмейкерлерін таңқалдырды
2014 ж. 29 маусым
1979
3
Билік басында жүрген қазақстандық лауазым иелерінің сән талғампаздығы ТМД және Орта Азия елдері имиджмейкерлерінің назарына ілінді.
"Тізімде Марат Тәжин мен Ермұхамбет Ертісбаев та бар", - деп "Айқын" басылымы жазды.
Имиджмейкерлер Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамбет Ертісбаевтың романтикалық стилі мен өз-өзін ұстау мәнеріне назар аударса, Ресейдегі елші Марат Тәжиннің классикалық киім үлгісіне, аса салқынқанды көзқарасына ден қойған.
Шетел сарапшылары "қазақтардың табиғатынан сыры мен сымбаты келісіп туған ұлт екендігіне Президент Назарбаев тұлғасына қарап көз жеткізгендерін" айтыпты.
"Қазақ Президентінің сымбатты тұлғасы, жарқыраған маңдайы кез келген киім үлгісін ашады", - дейді стиль мен имидж қалыптастырушы мамандар.
"Ал қос елші Марат Тәжин мен Ермұхамбет Ертісбаевтардың болмыстары қазақтардың сымбаты туралы ойымызды бекіте түсті", - дейді.
Талғампаздығымен көзге түскен шенеуніктердің тізімінде олардан бөлек Премьер-министр Кәрім Мәсімов және министр Әсет Исекешев және саясаткер Ғани Қасымов та бар.