Абаймен қоса, Алашты қорлаған  «мүсіншілерге» ескерткішті қайта салуға рұқсат берілмесін!..

Ескерткішке қарсылық

Ғани Әжібектің коллажы

Ұлыларымыздың ұсқынсыз ескеркішін бір түнде орнатып, ертеңіне qazaquni.kz бастаған сайттар дабылынан соң қайта алып тастаған  Өскемен қаласы әкімі (әкім Темірбек Қасымжанов)  баспасөз хатшысы Аяужан Әшімова: “Қазіргі кезде ескерткіш қайтадан авторлардың шеберханасына қайтарылды. Ескерткіш дайын болғанда қайта орнатылады. Авторлары Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов. “-дейді. Сонда қалай, ұлы Абайды мазақ еткен мүсіншілерге, “тағы бір мазақ етіп жіберіңдерші”-дегені ме қалалық әкімдіктің?! Оларды енді ескерткіштің маңайына жолатпау керек! Ақыр ақшасы төленген жоқ деп отыр ғой. Осы тендерге талай мүсінші жап-жақсы макеттерін ұсынды, бірақ өтпей қалды... Сондағы таңдап алғандары  мына «ергежейлі екеу»  ме? Сол өтпей қалғандардың бірі - Семейдегі Шәкәрім ескерткішінің авторы, мүсінші  Қазтай Нарысовтың  Абай мен Михаэлисті жасаған жұмысын біз өз көзімізбен көргенбіз.  Жап-жақсы туынды болатын... Қадірлі Бердібек Сапарбаев мырза, қоғамдық пікірге дер кезінде назар аударып, кемшілікті жоя білгеніңіз үшін алғыс айта отырып, енді Сізден сұрайтынымыз,  Абаймен қоса Алашты қорлаған “мүсіншілер” Владимир Самойлов пен Евгений Непьяновқа ескерткішті қайтып салуға ешқандай рұқсат берілмесін!

"Қазақ үні" газеті