«Ақ жол» партиясы Украинаны президенттік сайлауымен құттықтады
2014 ж. 02 маусым
1949
3
«Ақ жол» партиясы Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшілігін өткен президенттік сайлаумен құттықтады
«Ақ жол» партиясы Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшілігін өткен президенттік сайлаумен құттықтады - Азат Перуашевпен қол қойылған тиісті хат өткен аптада Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мекен-жайына жіберілді.
«Украинаның заңдастырылған президентін сайлау Сіздің еліңіздегі ахуалды тұрақтандыруға, өзара сенімді қалпына келтіруге оң ықпалын тигізуі тиіс екендігіне сенімдіміз. ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдардың бақылауымен өткен азаматтардың демократиялық ерік білдіруі азаматтық келісімнің бекуінің және Украинаның көпұлтты халқын біріктірудің маңызды факторы болуына қызмет етеді деп үміттенеміз,- деген құттықтауда.
- Мемлекеттің заңды басшысының сайлануы жақын достықтағы украин халқының ел алдында тұрған қайғылы сынақтарды еңсеруіне қадам болатынына үміттенеміз».
Бұдан бұрын да «Ақ жол» ҚДП Украинадағы қантөгісті тоқтатудың және келісімді сақтаудың қажеттігін бірнеше мәрте және жариялы түрде айтқанын еске саламыз.
«Ақ жол» көшбасшысы демократиялық партия атынан «Украинаға бейбітшілік және жақсылықтар, жаңадан сайланған президент Петр Алексеевич Порошенкоға мемлекеттік деңгейдегі даналық және мықты ерік-жігер» тіледі.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі,
2 маусым 2014 жыл,