«САТҚЫНДЫҚ ПІКІРДІ ЖУНИСОВ ЖАЗҒАНМЕН, ЖАРИЯЛАҒАН ЖАНБОЛАТ ЖҮЗ ЕСЕ ҚАУІПТІі!»
2014 ж. 27 мамыр
12787
22
Аңқау елге арамза молдалық алысқа апармайды, Жанболат!
Ресейдің кәндені Жанболат Мамай бункерге тығылғандай үйшік-үңгіріне жасырынып алып, маған біраз шәуілдеп жатқан көрінеді. Бункерге тығылып алып дегенім, менен бастап, қазағым, елім, тілім, деген біраз ұлтшыл жігіттерді фейсбуктағы «достығынан» алып тастап, «есік-терезесін" тарс жауып алып, содан соң ғана қыңсылай бастапты... Баяғыда ауылда теуіп жібергің келетін ұсқынсыз кәндендер болушы еді, арландар келгенде ініне кіріп кетіп, ішінде шәуілдеп қоятын, тура сол болыпты. Біртуар тұлғамыз Мұхтар Шахановтың атын пайдаланып, «Рух пен тіл» қоғамын құрып, өз пиарын жасап алған соң жалт берген ол енді сол мемлекеттік тілге қарсы шығып отыр. Ол кешегі қазақ тілін қолдап, орыс тілін Атазаңнан алып тастау керек деген 138-дің хатына да жанталаса қарсы шыққанда ұлтшылдар одан теріс айналған еді. Фейсбуктағы парақшасына пікір жазғандар тек Байторе, Басир мен Фишер деген ойдан-қырдан жиналған біреулер екен. Осы үш-төрт жандайшабынан басқа Жанболаттың өзін әшкерелеген пікірлерді жалма-жан өшіріп, «достықтан» да бірден шығарып отырғанын пікір жазған жігіттер өздері айтты. Бұны қолдағансыған Фишер дегені өзінше, «Казыбек Иса озин дурыс деп санаса неге карсы пикир жазбайды»-деп, шүлдірлеп, «орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын берейік», деген Жанболат қана дұрыс редактор, ал ұлт мүддесін қорғаушы қалғандарының бәрі «отсталый казактар»- деп оттапты. «Оны қолдап отырғандар оншақты надан, ақымақ, аздаған топ,»-деп кергиді бейшара Мамай... өзін "қолдаған" сол фишер-бисер екі мәңгүртке мәз болып... Сонда ашу-ызаға булығып, қолына түссең, тепкілеп өлтірейін деп отырған ұлтшылдар, ақын-жазушылар саған ақымақ, надан болыпты да, «орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруді сұраған» орысқұлдар – сені мен жүнсов екеуің данышпан болдыңдар ма? Сен сонда кітабы мен драматургиясын әлем мойындап отырған Дулат Исабековты айтып отырсың ба? Әділдігімен аты мәлім ақын Темірхан Медетбек ағаға айтып көрші, солай, жағыңды айырып, қожайындарыңның артына тығып жіберсін! Әлде Руза ма Керекудегі, жүз еркектің істей алмағанын жалғыз өзі істеп, банкінің бәріне қазақ тілін мойындатқан... Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шыққан сен болсаң, жаудың итаяғын жалағанға мәз болып, қазақпен алысып келесің... Бисер-фишер, майторелерде шаруам жоқ, бірақ Жанболат тас үңгірге тығылып, біздің пікірлерімізді шығармау үшін фейсбуктағы «достықтан» алып тастаса, тек өзінің орысқұлдарына» ғана пікір жазуға жол ашып отырса, қалай пікір жазасың... Ашық пікірден жаны қалмай қорқатыны бар, неге газет тізігінін ұстап, «саясаткер» болғансып жүр онда? Өзін тағы «демократ» санайтынын қайтерсің, «ит жоқта шошқа үредінің» рөлін ойнап жүріп... Біз, Серік Сапарғали да Жанболаттың қазаққа қарсы мақаласына қарсы шыққанымызда, оны «достықтан» өшіргеміз жоқ, қарсы пікірін айтсын деп. Тіпті кеше шыққан газетімізде біздің тілшілер Жанболатқа да шығып, оның да «жеке адамның пікіріне редакция жауап бермейді» деген «екіжүзді» пікірін жариялады. Оның осы екіжүзділігін есіткесін күйіп кеткен шындықтың жыршысы Темірхан Медетбек. «ОНДА ОЛ ӘРКІМ САРЫП КЕТЕ БЕРЕТІН САСЫҚ АЛАҢ екен ғой- «АШЫҚ АЛАҢ» ЕМЕС»- деп салғаны. Енді Жанболаттың көшемен күнін көретін қатындарша аузына келгенін оттап, ойбайлап, жандалбасалаған жалалы сандырағына келейік. Біріншіден, мен «Ақ жол» партиясының 2003 жылғы 7 қаңтарынан бергі мүшесімін. Сол кезде қазақтың көрнекті қаламгерлері Исраил Сапарбай, Ибрагим Исаев, Серік Тұрғынбеков, Ханбибі Есенқарақызы т.б. бар, бір топ зиялылармен бірге кіргенбіз. Сонда мені «бұрын Әлиханмен, енді Азат Перуашевпен бірге істейді»-дегені қай сасқаны. Партия басшылары келетінін-кететінін, ал партия жалпы мүшелерімен өмір сүре беретінін бұл байғұс қайдан білсін. Кеңес кезінде де коммунистік партияға өтпеген мен өмірімде бір-ақ партияда «Ақ жолдың» ақ жолында келемін. Сен сияқты, күні біте бастаған партия басшыларын лезде сатып кетіп, келесі партия қожайынның көңілін таба қоятындардың қатарынан емеспін. Осыны егер қожайындарыңның сүйегін кеміруден қалған-құтқан мишығың болса, жақсылап сақтап қой. Екіншіден, өзін Еуразиялық Экономикалық Одаққа қарсы шығушы «оппозиционер» ретінде көрсетіпті. Сенің жалған опозиционер екеніңді ел ақымақ емес, бәрі біліп алды. Ол жиынды да ресейлік сыбайластарыңның арандатушылық және көзбояушылық мақсатқа бөліп жатқан ақшасына өткізгенің белгілі болды. Басын бастап, «оппозиционер» көрініп, аяғында қойды қасапқа айдаған сасық текедей халықты алдап жалт беру – сенің негізгі кәсібің екенін елдің бәрі біледі. АЛ НЕГЕ АЯҒЫНА ЖЕТКІЗБЕДІҢ? Одаққа қол қойылып жатыр, сен қайдасың? Астанаға келе жатқандар саған емес, маған хабарласып жатыр жәрдем сұрап. Сенің елге көз қылып, "Еуразиялық одақ бойынша "КНБ"-ға жауап беріп жүрмін" дегенің де алдын ала сол үш әріп қызметкерлерімен өзің бірігіп жазатын елді алдайтын "сценарилерді" талқылау екені белгілі болып отыр қазір... Біздің «Қазақ үні» газеті талай жылдан бері әр санында Еуразиялық Экономикалық одаққа қарсы шығып келе жатқаның, менің оған қарсы талай ашық хатқа қол қойғанымды ел жақсы біледі, сен білмегенсісең де. Сенің қазақты сатқан «ерлігіңді» де «құрметтеп», бет берген кешегі нөмірде де Смағұл Елубайға дейін, талай тарландардың ЕЭО-ға қарсы өткір мақалаларын елге белгілі. Баяғыда да жастарды митингке шақырып алып, өзің әдеттегідей «козел-провакатор» болып тайып тұрып едің ғой. Сондағы сылтауы «бұның мәшинесінің алдына біреу мәшинесін қойып кетіп, шыға алмай қалыпты-мыс." Бала да сенбейтін өтірігіңе кім сенеді? Онда таксимен кел! Қожайындарыңнан «үйттім-бүйттім»деп алдап, опырып алатын ақшаң жетеді ғой ... Сонда жаныңдағы достарың сойып салып, әшкерелеп, қолын бір-ақ сілтеп еді ғой саған... Кейін белгілі болғандай, жастар алаңда алаң болып, күтіп тұрғанда, Мамайың саунада жатқан... кіммен дейсіздер ғой, құқық қорғау қызметкерлерімен... Соның көбісін бізге жазып, алып келгенде мен жарияламап едім, «жас қой, қателескен шығар» деп... Сөйтсем ол сатып кету, алдап кету сенің кәсібің екенін кейін білдік қой... Жаңаөзенге байланысты серіктеріңді, өзіңнің қожайындарың Әблязов пен Козловты демде сатып, түрмеден зу етіп шыға келгеніңді ұлтшыл қайраткер Серік Сапарғали ағамыздың баспасөзде талай жазғанын да оқыдық... Жоғарыдағылардың қолында тұрған шылбырыңды сызып қойған жерге дейін сүйретіп, сүйек лақтырса, қағып алып, кеміріп, жалған атаққа семіріп жүре бер солай, қай жерге дейін барады екенсің... Мұндай талай «сатқындықтарыңды» «Серке.орг» сайты да талай әшкерелеп еді ғой. Былшық бетің былқ етпей өтірік айтуды жап-жас болып, қайдан үйренгенсің, «Ақ жол» партиясы Еуразиялық одақтың құрылғанын қолдап мәлімдеме жасады» дейді. Партия ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, партия жетекшісі А.Перуашев экономикалық интеграцияға байланысты өз жеке пікірін білдіргені бар. Демократиялық партияда әркім өз пікірін білдіріп жатады. Мәлімдеме дегеннің қалай қабылданатынын білесің бе, сен? Ол Орталық Кеңестің ең кемі Президиум мүшелерінің шешімімен қабылданады бізде. Сол Азат Перуашев қазақ тілін қолдап, орыс тілін Атазаңнан алып тастау керек деген 138-дің хатына ең бірінші болып қол қойғанда, сен қашып кетіп, кейін, орыс тілін қолдап, орыс телеарнасына сүмеңдеп сұхбат бергеніңді ұмытып қалдың ба? Ал «Ақ жол» партиясы 138-дің хатын қолдап, Президиум мәлімдемесін жасаған жалғыз партия. Алаштың арыстарын қолдап, жыл сайын байқау, конференция, ұйымдастырып, Алаш бағдарламасын қабылдаған партия. Сол кезде сен сүйегін кеміріп жүрген қожайындарың, Әблязовтарың қазақ тіліне қарсы шыққасын, біз сойып салдық оны. Әйтпесе, оған дейін «»Алғаның» материалдары бізде тоқтаусыз шыққанын ақын Айсұлу апайдан сұрасаң айтып береді. Орыс баспасөзі де мұны атап өткен болатын... Үшіншіден, «Мысалы, кеше Мұхтар аға Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл хабарласты. Қазыбек Иса Шахановты да үгіттеп, маған қарсы қойып, арандатпақ болған екен, Мұхтар ағамыз: "мақаланы оқыдым, бұларды халық жауы қылатындай ештеңе жоқ, қарсы шықпаймын" депті. Қазақ тілі үшін ол кісіден артық жанашыр бар ма? Егер шынында да, шектен шыққандық болса, ол кісі де өз үнін көтермес пе еді?!»-деп сайрайды Жанболатың беті бүлк етпей. Сонда бұған «орыс тіліне де мемлекеттік тіл статусын беру керек» деген сөз ештеңе емес, түк болмай тұр ғой... Бұл сен сияқты сатқындарға жегенін ақтау үшін түк емес шығар, Мен үшін ол – өзі әл үстіндегі қазақ тілінің алдындағы титтей талғажау нәрін тартып алып, аштан өлтірумен бірдей. Жалғыз мен емес, бүкіл қаны қазақ, намысты тіл жанашырлары да солай ойлайтыны аспандағы айдан анық. Оу, сонда мен мемлекеттік тілге сен қастық жасап жатқанда, «Мемлекеттік тіл» қозғалысы төрағасына, «Тәуелсіздік тағдыры» қозғалысы басшысына, бұл екі қозғалыс бойынша да мен төраға орынбасары бола тұра, тіпті былтыр құрылған Ұлттық кеңес жетешісіне – ұлт патриоттарының серкесі Мұхтар Шаханов ағама хабарласпағанда, қазақ тіліне қарсы шыққан сенің Әблязовыңа, әлде Грузиядағы Ертісбаевқа хабарласуым керек пе? Ми бар ма өзі, сенде... Содан соң мен тек, Мұхаңа ғана емес, көрнекті ақын Темірхан Медетбекке де, ұлтшыл Мұхтар Тайжанға да,, басқа да тіл жанашырларына да «пікір білдіресіз бе?»-деп хабарластым. Тілшім Сейілбек, тіпті саған да хабарласты ғой... Саған хабар жеткізген Құдияр Біләлға да хабарласып, екі телефонына да соғып ем, көтермеді. Сол кезде саған есеп берумен айналысып жатқан болды ғой, егер сенің сөзің рас болса... Ол да «Мемлекеттік тіл» қызметінде болғасын хабарласқан едім, қайдан білейін оның қандай «тіл» қызметінде жүргенін... Мамайың: « Жүнісовтің пікірін бассақ, келесі аптаға оның аргументтерінің тас талқанын шығаратын мықты адамның материалын дайындап отырмыз. Сонда бұл жерден қандай қылмысты, қандай қисынсыздықты көріп отырсыздар?!»-дейді шімірікпей. Сенің ресейлік сыбайласың Белов-Поткинге, анау Жириновский, Лимоновтарға осы керек емес пе? Жаудың қолына жалаңдаған қылыш ұстатып отырып, «ертең өзіміздікіне де де пышақ беремін» дегендей бетбақтырмайтын екіжүзділік сені ұзаққа апармайды. Тілдің киесі, елдің иесі бар! Қазақ тілінің киесімен ойнағандардың ешқайсысы оңған емес! Оны Мұхтар Шаханов ағаның кітабынан оқыған боларсың, оқымасаң, біздің «Қазақ үні» газетінде жарияланған, сайтымыздан тауып ал! Сенің Келесі аптаға қарсы материал дайындап жатырмыз, «сонда бұл жерден қандай қылмысты, қандай қисынсыздықты көріп отырсыздар?!- деген екіжүзді далбасаң, үйге өрт қойып алып, «өрт сөндірушілерді шақырттық қой, енді маған не дейсіңдер?»- деген кесепатты кеңкелестік қой. Ол қарсы мақаланы да кешегі ұлтшылдардың ашу-ызасынан кейін ғана қолға алғандарыңды редакциядағы қызметкерлеріңнің өзі айтып берді ғой... "Ашық алаң" жайына қалып, қазақ тілінде хабар беруді қойып, мемлекеттік қазақ тілін жоюға бағыт алған "Трибуна" болып, орысқұл қожайындардың қолжаулығына айналған Мамай осылай алған тапсырмаларын "сәтті" орындап жатыр... «Жүнісов қой жазған, Мамайшада нелерің бар» деген пікірлерді де көзіміз шалып қалды. Біз Жүнісовты де аяған жоқпыз, бірақ оны елге жариялаған «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат қой. Бұған мен бас ауыртпай-ақ қояйын, ұлтшыл Махамбет Ерғали фейсбук парақшасында қақ маңдайыңнан қатырып соғыпты ғой, соны келтірейін: «Сатқындық пікірді Сәкен Жүнісов айтқанмен, ол басылымда жарияланбаса, қаупі аз. Егер БАҚ-та жарияланса, сонда нағыз қауіпті. Сонда жазғаннан, жариялаған Жанболаттар жүз есе кінәлі, жүз есе қауіпті!» Бұған бетіне қарап, «мынауың иттік, мынауың қастық» десең – «тапсырма» деп баж етіп ойбайлап шыға келеді екен. О, байғұс, сен кім едің саған тапсырыс беретіндей.. Өзіңді әжептәуір тұлғамын деп ойлап қалғансың ғой деймін, жаныңдағы жандайшаптарыңның өтірік мақтағанына... Сен сияқты аңғау елге арамза молда болып жүргендердің бәрі әшкере болып тынғанын білетін бе едің, енді сен де әшкере болып тындың! Осы оқиғаға байланысты елге ең белгілі abai kz сайты: «Құрттың Мамай, қор болдың!»-деп, тірідей сойыпты. Басқа да сайттар мен әлеуметтік желіде айыптап жатқандар жетеді. Мен сөзімді заң ғылымының кандидаты, журналист Алмас Жұмағалидің Фейсбуктегі парақшасындағы сөзімен жауабымды аяқтайын: «Бізде сатқындар үздіксіз шыға береді. Өйткені, біз батырларымызды жер-көкке сыйғызбай (өлген соң) дәріптейміз, мақтаймыз. Ал сатқындарымызды жазғырмаймыз. Голощекин өзі қораны аралап мал санаған жоқ, кімнің ұлтқа қатты ықпалы бар екенін ол қайдан біледі. Ол қазақ тілін белмейді, Міржақыптың өлеңін қайдан біледі?!. Аузына шайнап салып берген біздің «бауырларымыз». Сатқындарымыздың атын білмейміз, тек «жандайшаптар», «балаққа жармасқандар», «жағымпаздар» деген жалпылама атпен ғана береміз. Сондықтан ондай атақтан ешкім де қорықпайды. Егер де ұлтты, ұлт көсемдерін, жерді, тілді сатқандардың аттарын атап, түстерін түстеп, фотосын салып білсек, келер ұрпақ батыр болуға ұмтылмаса, да сатқын болудан сақтанар еді. Сондықтан, азаттық алғанға дейінгі және азаттық алғаннан кейінгі сатқындардың тізімін жасау ләзім. Себебі, азаттық алған соң сатқындықтың формасы өзгерді. P.S. «Қазақ үні» газеті мен сайты қазақ тіліне қарсы болғандардың тізімін берді, бұл – бастамасы. Бірақ болашақта хабарлауыш сөздерден гөрі, анықтауыш сөздерін баса айтып жариялап тұру керек»-депті. Алмас бауырымыз алмастай тіліп айтқан бауырымздың сөзін елдің бәрі қолдап жатыр екен, біз де 100 пайыз қолдаймыз. Сатқындар тізіміндегі көрнекті орныңмен құттықтаймын, орысқұл Мамай!Қазыбек Иса
P.S. Cенің фейсбуктегі парақшаңа жауап ретінде жазбақ болғамын, елден жасырынып, маған «жолды» жауып тастадың, енді амал жоқ, өз сайтым мен Фейсбугыма жариялауға тура келеді... Жауап сұраған бисер-фишер, майторелеріңе айта сал, тауып алып оқысын...