Қазақстандық байлар $138 млрд сыртқа апарып тыққан
2014 ж. 22 мамыр
1997
0
Қазақстандық байлардың түрлі жолдармен сыртқа апарып тыққан ақшалары 138 миллиард доллардан асқан. Бұл сома еліміздің бір жылдық Жалпы ішкі өнімі мөлшеріндей қаржы.
Сыртқа шыққан ақшаның бәрі оффшорлық аймақтарда, алпауыт мемлекеттердің банктерінде жатыр. Ал, Үкімет жылдың аяғына дейін тасадағы қаржысын жариялап, елге қайтарған олигархтарға рақымшылық жасалады деген. 31 арнаның мәлімдеуінше, сарапшылар байлардың заңсыз әрекетін заңдастырып бергеннен, сыртқа кеткен ақша қайтіп оралады дегенге сенбейді. Швейцария банктерінде сақталған экс-әкімдердің біріне тиесілі қаржының өзі 100 млн еуро көлемінде. Бұл қаржы экономикасы әлжуаз кейбір мемлекеттердің бір жылдық бюджетімен тең. Бір қызығы, Виктор Храпуновтың бір түнде бүтін байлығын, ұшаққа тиеп алып кеткені туралы осы уақытқа дейін жақ ашпай келген бас прокуратура, экс-әкімнің арнайы жүк ұшағын жалдағанын тек енді ғана айтып, кеденнен қандай зат өткізгенін анықтау керек деді. Алайда, сарапшылар экс-әкімнің өзімен бірге жүз тоннаға жуық жүк алып кеткенін құзырлы органдар білмей қалды дегенге сенбейді. "Жүйенің жоқтығы, бір ізділіктің жоқтығы, оң қолдың сол қолдың не істеп отырғанын білмейтіндігі. және осындай жағдай қайталана берсе Храпуновтан кейінде талай олигархтардың, шенеуніктердің шетелге кеткенін әлі көреміз", - деді саясаттанушы Расул Жұмалы.31 арна Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/314346.html