Медведевтің көмекшісі «Вконтакте» парақшасының бұзылғаны туралы хабарлады
2022 ж. 02 тамыз
1853
0
Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің ВКонтакте парақшасында жариялаған соңғы жазбасы Әскери-теңіз күштері туралы болды, бұл парақшаны бұзып, басқа жазба жариялағандармен әлеуметтік желі әкімшілігі айналысады, деп хабарлады оның көмекшісі Олег Осипов.
"ВК-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба әскери матростарды Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналған. Ал парақшаны бұзып, қашықтан жазба жазып, жариялағандармен ВК әкімшілігі айналысады», - деді ол журналистерге.
Еске сала кетейік, бұған дейін Медведевтің «Қазақстан билігі орыстарға геноцид жасауда» деп айыптап, КСРОның қайта құрылатынын хабарлағаны жайлы жазған болатынбыз.