Қытай Ресейді айналып өтетін жаңа теміржол бағытын іске қосты
2022 ж. 21 сәуір
2046
0
Қытай Германияға теміржол бағытын іске қосты. Ол арқылы пойыздар Ресейді айналып өтіп, Германияның Мангейм қаласына жете алады, деп түсіндіреді China.org.
Бағыт Қазақстан, Әзірбайжан, Румыния, Венгрия, Словакия және Чехия арқылы аралас теміржол және теңіз көлігі арқылы Каспий және Қара теңіздерді кесіп өтеді. 13 сәуірде спорт тауарлары тиелген алғашқы пойыз Сиань қаласынан шықты.
Жаңа бағыт бұрын Қытай-Еуропа пойыздары сирек өтетін елдер мен аймақтарды қамтиды. Сианьдағы халықаралық логистикалық «Жуйан» компаниясы енді тасымалдау тиімділігі артып, тасымалдау құны төмендейтінін атап өтті. «Бұл бағыт біздің компанияларға қазіргі жағдайда экспорттау мүмкіндігін береді», - деп қосты компания менеджері Джа Мин.
Бұған дейін АҚШ көптеген елдердің, соның ішінде Қытайдың санкция салуға құлықсыздығынан Ресейдің шектеу шараларын айналып өту мүмкіндігі туралы ескерткен болатын.
Сарапшылардың пікірінше, Қытай АҚШ-қа қарсы тұруда Ресейді одақтас ретінде көреді. Екі ел де қалыптасқан тәртіпті жойып, Мәскеу мен Бейжіңнің өз аймақтарын бақылауға алуына көз жеткізгісі келетіні атап өтілген.
Қазақстан және оның экономикасы, сондай-ақ көлік саласы үшін Қытайдан Еуропаға жаңа теміржол бағыты – жақсы жаңалық және қазақстандық экономика мен оның көлік жүйесінің одан әрі дамуы, сондай-ақ Қазақстанның жаңа жұмыс орындарының көбею деген сөз.
Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті