Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына басшы болды
2022 ж. 14 сәуір
1275
0
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында ақпарат қордың ресми сайтында жарияланды.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді.