Әзірбайжан Госдума депутатына қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеуге жариялады
2022 ж. 01 сәуір
1775
0
Әзірбайжанның Бас прокуратурасы ресейлік телеарналардағы түрлі саяси бағдарламалардың жиі қонағы болатын ресейлік депутат Михаил Делягинді халықаралық іздеуге жариялады, - деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутатқа қатысты төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде «Басқыншылық соғысты бастауға ашық шақыру» және «Атыс қаруын қолдану арқылы терроризм» .
Іс депутаттың «Россия 1» эфирінде Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы әрекетін айыптап, өзінің Telegram-каналында жазылушылардың Әзірбайжанның мұнай инфрақұрылымына соққы жасау мүмкіндігіне көзқарасы туралы сауалнама жүргізгеннен кейін қозғалған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Делягинді эмоцияларын тізгіндеуге және Ресейдің серіктесі болып табылатын ел туралы жағымсыз мәлімдемелер жасамауға шақырды. Ол сондай-ақ «бұл мәлімдеме Ресей Федерациясының ресми бағытына ешбір жағдайда сәйкес келмейд» деп баса айтты.