Тоқаев: Владимир Путинге Украинадағы жағдай бойынша келіссөз арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым

Тоқаев: Владимир Путинге Украинадағы жағдай бойынша келіссөз арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Ресей Президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатынбыз.

Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.