ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды
2022 ж. 11 қаңтар
903
0
ҚР Премьер Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды, деп хабарлайды Қазақ үні тілшісі.
Айта кетейік, бүгінгі Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын.
Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.