ҚР Сыртқы істер министрі: Қазақстан Ауғанстанға көмек беруге әзір
2021 ж. 28 қыркүйек
1786
0
Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсетеді. Ол үшін түркі елдерімен ынтымақтастыққа дайын. ҚР премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Ыстамбұлда өткен Түркі кеңесінің Ауғанстандағы ахуал жөнінде кезектен тыс отырысында осылай деді.
Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, гуманитарлық салада және БҰҰ-ның орталық үйлестіру бағытында өз үлесін қоса бермек.
Айта кеткен жөн, Түркі кеңесінің кезектен тыс отырысына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері қатысып, қауіпсіздік және ауғанстанға қатысты іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар терроризм, қару-жарақ пен есірткі айналымы, заңсыз көші-қонға қатысты мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті. Жиын соңында бірлескен мәлімдеме қабылданды.