Садыр Жапаров құжат жүргізуді қырғыз тіліне көшіретінін айтты
2021 ж. 24 қыркүйек
2600
1
Қырғызстан халқын Мемлекеттік тіл күнімен құттықтаған президент Садыр Жапаров қырғыз тіліне ерекше тоқталды, деп хабарлайды sputnik.kg.
Оның сөзінше, құжат жүргізуді қырғыз тіліне көшіру үшін тек ниет қана керек.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар келелі мақсат-міндеттеріміз орындалуға жақын. Сол себепті барлық азаматтарды түрлі сылтау ойлап таба бермей, мемлекеттік тіл мен қырғыз халқының гүлденуі жолында жұмылуға шақырамын, деді Жапаров.
Прзидент "мемлекеттік қырғыз тілі тұрғанда тәуелсіз Қырғызстан да жасай береді", деп қосып қойды.