ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды - Президент Жарлығы
2021 ж. 10 шілде
3309
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР АШМ басшысы Сапархан Омаров отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеген болатын.