Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласының әкімі болып Бақытжан Байахметов тағайындалды. Ол осыған дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Ол 2019 жылдың 18 сәуірінен осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.