Путин Асқар Маминді "Достық" орденімен марапаттады
2021 ж. 08 маусым
2480
0
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.
Тиісті жарлық дүйсенбіде ресми интернет-порталда жарияланды.
Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Мамин Асқар Ұзақпайұлын "Достық" орденімен марапатталсын, - делінген Путиннің жарлығында.
Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР премьер-министрі қызметін атқарады.