Мақсат Жақау: Ұлтыңның тілін қолжаулық қылғаның ба, Жанболат?
2021 ж. 20 мамыр
3758
1
"Қыран бүркіт үндемей отырғанда, тотықұстар шулап бітеді", бұл әйгілі Расул Ғамзатовтың сөздері еріксіз есіме түседі екен...
Осыдан тоғыз жыл бұрын 2012 жылы сайлау науқанында саяси партиялардың жас көшбасшыларының пікірсайысы өтті. Сонда ЖСДП-дан Жанболат Мамай келіп, қалған бес партияның өкілі болып пікірлер додасына қатыстық.
Есімде қалғаны Жанболатқа "жастарға партия тарапынан қандай ұсыныстарың бар?" дегеніме, ол тек университет ректорларын сайлау қажет деуімен шектелді.
Қазіргі күнде осы ректорлар сайлау науқаны басталып та кетті. Бұл кешегі жаңадан праймериздік өзгерістер мен биліктік партияның "естуші үкімет" қағидаларында кезінде сынға ұшырап, ұсыныс-пікірлердің елеп ескеруімен, көп мәселенің жүзеге асырылып жатқанымен байланыстырамын. Көп жылдар бойы саяси ұйымдар мен саяси науқандарда айтылып жүрген сындар, уақыт өте биік мінберлерде көтеріліп, шешімін тауып келе жатқаны міне бақандай бес-алты жылдай болды.
Айтайын дегенім, сен не істедің, мен не істедім емес. Дінмұхамед Қонаев атамызша айтсақ, "барды бардай, жоқты жоқтай айту керек" шығар.
Екінші нәрсе, қазақ тілінде нең бар еді, құлыным, енді қалғаны ұлтыңның соңғы құралын тілін қолжаулық қылғаның ба? Кезінде бір данышпандар, "егер аргументтерің таусылса, ұлттық құндылықтарыңды желеулете бер!" деген екен.
Өз басым салыстырмалы тұрғыда шын әрекеттерді мойындаймын. Бауыржан Қыдырғалиұлы көшеге шықпаяқ, ұрпақтың өз тілінде әлемнің анимациялық бейне жауһарларын түсініп көруге қимылдады ғой. Оның Disney, Sony, Marvel, Pixar студиялардың әлемдік прокаттағы 40-қа жуық фильмдері мен балаларға арналған мульфильмдерін қазақ тіліне аударғанын бәріміз білеміз. Және оған мемлекеттік бюджеттен бір тиын сұраған жоқ!
Ұлы істер осылай үндемей тындырыла береді. Байбектің соңғы он жылда тіл үшін жасаған еңбегі осы.
Айтпақшы, Мамайдікі навальнизм дерті ма, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп жанында үзеңгілесіндей жүргендей қайдан алды ақпаратты? Навальный сияқты ақпарат жинау үшін қор ашты ма, ақпараттарды сатып алды ма, қайдан шықты мұндай негізсіз әңгімелер?! Тапсырыс қой дейтіндер бар, ол бір құдайға аян...
Ешкімге төреші емеспіз ғой, төрелігін заңды сот шешеді. Дегенмен, адаспай, шатаспай, жұртты да өзімен әкетпей, бойдағы потенциалды шынымен ұлттың келешегі үшін жұмсау керек деймін Жанболатқа.
Болар елдің ұлдарына лайық қасиет қалса, әлі де ұрпақтың алдында жасайтын қыруар шаруаң бар.
Абайдың сөзі әлі де алдымыздан менмұндалай берді, "біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!" деген.
Босқа уақыт өткізбей жас ұрпаққа үлгі көрсетер еңбек етпек керек...
Мақсат Жақау,
Қазақ үні