Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі
2021 ж. 15 қаңтар
1423
0
7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің дерегінше, 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.
«Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.