«Ақ жол»: ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ
2020 ж. 20 желтоқсан
2378
0
Соңғы кездегі бірқатар оқиғалар тізбегі – былтыр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекет билігін өркениетті түрде жаңа басшыға тапсыруы дер кезінде болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Н.Назарбаевтың президенттік жүйесі еліміздің тәуелсіздік бастауында мемлекеттік институттардың қалыптасуында, түбегейлі нарықтық және қоғамдық реформаларды жүргізуде және басқа елдермен қарым-қатынас орнатудағы тарихи миссиясын орындады.
Келесі кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде аяқ басты. Ал ендігі мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер керек. Мемлекет басқару ісіне қоғам жан-жақты араласуы және оны бақылауы қажет.
Мысалы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері болып жатқан оқиғалар вертикалды басқару жүйесінің кемшіліктерін әшкерелеп көрсетті. Ал қоғамда шиеленіскен пікірталастар ел тәуелсіздігінің басты қауіп-қатерлерінің ауқымын ашып көрсетті, олар:
– бюрократия мен сыбайлас жемқорлық,
– әлеуметтік әділетсіздік және байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,
– экономика мен билікті монополияландыру.
Жарты жылдық карантин кезінде халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Шағын және орта бизнес құлдырады. Бюджет қана емес, сондай-ақ Ұлттық қордың трансферттері қазіргі қажетілікке жұмсалып, соның өзінде талан-таражға салынуда. Қоғамда мемлекеттік институттарға сенімсіздік күшейіп, халық билік монополиясынан қажи бастады.
Елімізге әлеуметтік-экономикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет.
Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл – Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал, Тәуелсіздіктің ең басты кепілі қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек.
Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар – ол терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыруы қажет.
«Ақ жол» демократиялық партиясы ЖАҢА ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНҒА апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынады.
- ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
- Тәуелсіздік пен еліміздің тұтастығы, әрбір адамның өмірі, құқығы және бостандығымен қатар тұратын басты құндылық.
- Тәуелсіздік бастауында – қазақ халқының еркіндігі мен елдігінің негізінде «Алаш» ұлттық идеясы жатыр. Қазақ елі үшін Алаштан артық идея жоқ.
- Тәуелсіздігіміздің ең маңызды жетістігі – мемлекетімізде өмір сүретін барша этностардың бір-бірінің ұлттық сезіміне, тілі мен мәдениетіне өзара сыйластықпен қарауы.
- «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді қолдайды. Қазақ тілін экономика мен қаржы саласына, мемлекеттік басқару мен шетелдік инвесторлардың жұмысына мемлекеттік мәртебесіне сай енгізуіміз керек.
- Биыл «Алаш» автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Республикасына 100 жыл толды.
- Биыл мамыр айында «Ақ жол» демократиялық партиясы Президент Қ.Тоқаевтың сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шарасын жалғастыру туралы тапсырмасына қолдау білдірді. Біз кеңестік тоталитарлық биліктің қазақ халқына әдейі жасалған Ашаршылықты халықаралық деңгейде зұлмат деп тануға шақырдық. Большевиктер әскерлерінің коллективизация кезіндегі жүздеген қазақ көтерілістерін жаншып басуын, өз ауылдарын құтқарамын деп, басын өлімге тіккен батырлардың ерлік істерін қайта қарау керек деп санаймыз.
- Жер – «Алаш» ұлттық идеясының ең өзекті мәселесінің бірі болды. Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы шетелдіктерге жерді беруге қарсы шыққан көптеген митингілерден кейін жерді сатуға жарияланған мораторий мерзімі аяқталады.
- Қандастырымызды тарихи отанына қайтару, елге оралған бауырларымыз бен қарындастарымызды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету және көмек көрсету, олардың Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары ретінде тезірек бейімделіп кету жөніндегі жұмыстарды күшейту керек деп санаймыз.
- Қазақстан азаматтығын, сондай-ақ шетелдік жұмысшылар үшін ұзақ мерзімді визаларды беруді ҚР Конституциясының, мемлекеттік тілдің және Қазақстандағы дәстүрлі тәртіп ережелерінің негізгі талаптарын білуге арналған емтиханды тапсырғаннан кейін ғана заңды түрде бекітуді ұсынамыз. 2019 жылы Атырауда орын алған жағдай сияқты шетелдік жұмыскерлердің қазақстандықтардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын, қадір-қасиетін және ұлттық құндылықтарды құрметтемеуі біздің елден дереу депортациялауға негіз болуы тиіс.
- «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдайды және қоғамның рухани саласын жат секталар мен экстремистік ағымдардың ықпалынан қорғауға ұмтылады. Сонымен қатар, діннің саясатқа, білім беруге және мемлекеттік басқаруға ықпалы тимеу керек; сондай-ақ мемлекеттік органдардың дін ісіне араласуына да жол берілмеуі керек деп деп санаймыз. «Егер қазақтар өздерінің рухани-діни істерінің өркендеуін қаласа, мешітті мемлекеттен бөліп алу керек», – деп Әлихан Бөкейхан жазып қалдырған.
- Біздің осы және көптеген басқа да ұсыныстарымыз «Алаш» қайраткерлерінің ұстанымдарынан туындайды және бүгінгі жағдайда қолдануға лайықты деп санаймыз.
- Сондықтан біздің жұмысымыздың ең маңызды бөлігі – қоғамға және ең алдымен жастарға – озық білім мен мәдениетке, соның ішінде саяси мәдениетке баулу.
- ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ
- Қазақстанға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ғана емес, сонымен бірге Ұлттық Сенім Үкіметі де керек.
- Бұл процесстер қисынды жалғасы ретінде қала (оның ішінде мегаполистер) және басқа да елді-мекендер әкімдерін халық партия мен азаматтық қоғам өкілдері арасынан тікелей дауыс беру арқылы сайлауы керек.
- Билік партиясының филиалдарын әкімдер басқаратын тәжірибеден арылу, тіпті оған заң жүзінде тыйым салу керек. Бұл билікті монополияландырудың ең айқын мысалы. Әкімдер шенеуніктің жеке мүдделеріне емес, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.
- Парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын кеңейтіп, қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын, билік құрамындағы жемқорлық фактілерді бойынша парламенттік тергеулердіжүргізу құқықтарын беру қажет.
- Мемлекет мүмкіндіктері кез-келген мәселелені шешу кезінде бюджетке байланысты. Сөйткенмен мемлекет қаржысының едәуір бөлігі бюджеттен тыс шығындарға жұмсалады және қоғамнан жасырылады. Сол кезде заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық дамиды. Сондықтан, ең басты міндет – Парламентке барлық мемлекет қаржысының жұмсалуын бекіту мен бақылауды тапсыру маңызды.
- Біріншіден, бұл ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетіне қатысты. Олардың көбі мемлекеттік бюджет қолдауынсыз өмір сүре алмайды. Оның үстіне шет елдерден де несие алатындары бар. Бұл қаражат қоғамнан жасырын пайдаланылған соң, сол жерлерде жемқорлыққа жол ашылады. Сондықтан да ұлттық компанияларды, олардың «еншілес» компанияларын, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, «СК-Фармация» немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сияқтыларды кеңейтілген мемлекеттік бюджетке енгізіп, оларды өз шығындары мен жетістіктері туралы қоғамға есеп беруге міндеттеу керек.
- Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бюджетке алу керек. Егер 5-10 жылдан кейін қандай болмасын мұндай компания бюджеттен ақша сұрайтын болса – ол мемлекеттік ресурстарды пайдаланып, мемлекетке емес, өз қалтасына жұмыс істейтіні анық. Ондай компанияларды таратып, оның орның жеке бизнеске беріп, солар өз қаражатын салып, бюджетке салық төлейтін болады.
- Үшіншіден, мемлекеттік бюджет – мұқият болуды күнә санамайтын, қайта талап ететін сала. Демократиялық елдерде бюджеттік бақылауды парламенттік оппозиция өкілдері басқарады. Оның қисыны анық - сайлауда жеңіске жеткен партия бюджетті бөледі, іске асырады, бірақ, қарсыластары қадағалап отырады.
- Мемлекет тек естіп қана қоймай, шешуші күшке ие болуы керек. Мәселелерді көтеру және өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен практикалық қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды.
- Сонымен бірге, Үкіметтің қарсылығына қарамастан, Парламенттің сайлаушылар мұқтажына керек қаражатты бюджеттен бөлу құқығы болуы өте маңызды.
- Сайлау кампаниясынан «ыңғайсыз» үміткерлерді түсіріп тастауға тыйым салынсын. Үміткерлерге қойылатын барлық талаптар сайлаушылар дауыс бергеннен кейін, толыққанды сот процесінде қаралуы керек.
- Учаскелік сайлау комиссияларын дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде дауыс беру нәтижелерінің хаттамасын рәсімдеуге және байқаушылар мен кандидаттардың ресми өкілдеріне осы хаттамалардың расталған көшірмелерін беруге міндеттеуді қажет деп санаймыз.
- Сайлау туралы айтқанда, тағы бір өзектісі – сайлауалды кампаниялар кезінде әкімшілік ресурастарды қолдану мәселесі. Студенттерді сайлауалды іс-шараларға мәжбүрлеп қатыстырған, олардан кімге дауыс бергені туралы есеп беруді талап еткен және тағы басқа әрекеттерге барған басшылар қызметтен бостатылуы керек.
- Сайлау процедураларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы. Осындай кемшіліктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыты жетті. Өйткені, азаматтардың дауысын ұрлау немесе бюллетендерді қосу арқылы сайлау тәртібін бұзатындар билікті заңсыз басып алуды жүзеге асырады. Конституция бойынша халық биліктің қайнары болып табылады. Олардың дауыстарын ұрлау арқылы өзіне билікке ие ету, яғни билікті басып алу. Мұндай іс әрекеттер үшін жазалайтын кез келді.
- Иә, мұндай шешімдер сайлау қорытындыларының болжамсыздығына әкеледі. Бірақ та оның мәні сайлауды шенеуніктер басқармауы керек, олардың нәтижесі сайлаушылардың еркіне ғана байланысты болуы тиіс, бұл – «Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанымы.
- Сол сияқты, жаңа саяси партияларды 10 мың мүшеге дейін тіркеумен жеңілдету, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда партиялық өту шегін 7-ден 5% - ға дейін төмендету де қажет деп санаймыз.
- Біздің таңдауымыз, «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, еуропалық өмір сапасының стандарттары.
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОФФШОРДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫ ҚАЙТАРУ
- Түзету мекемелері жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заңнамалық түрде тыйым салу қажет деп санаймыз. Бұл ұсынысты «Ақ жол» депутаттары 2019 жылы енгізді, бірақ Үкімет пен Бас прокуратура оны қолдамады.
- Сонымен қатар, біз тіпті жазасын өтегеннен кейін де сыбайлас жемқорлардың емін-еркін жүруі, шетелге шығуы мен меншікті басқару құқықтарын шектеуді ұсынамыз. Бұл шара олардың жасырған ақшасына қашып кетпей, капиталды Қазақстанға қайтару үшін қажет. Ондай жемқорлар өз еліне инвестиция салып, отаны үшін лайықты қызмет етсін.
- Сотталған жемқорларды республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тұруға тыйым салатын жазаның түрін енгізу керек. Шағын қалаларға, аудан орталықтарына, ауылдарға және барып, онда халыққа лайықты үйлер салсын, жергілікті бизнеске қаражат құйсын және өмір сүру сапасын жақсартуға атсалыссын. Олардын жинаған қорларымен қаражат басқару тәжірбиесі де бар. Сол капиталдар мен білімдерін өңірлердің дамуына жұмсасын.
- Ашық емес шарттарда шетелде тауарлар мен жабдықтарды сатып алу түрінде мемлекеттік қаражатты ұрлау мен шығарудың жолын кесу, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша келісімшарттарды орындаушыларға шетелдік оффшорлық юрисдикцияларда тіркелген кәсіпорындармен мәмілелер жасауға тыйым салынсын.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды құралы биліктің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есептілігі болып табылады. Баспасөздің аузын жабуға болмайды, «Ақ жол» демократиялық партиясы әшкерелеуші жарияланымдар үшін журналистерді қудалауға жол бермей, оларды қорғау жолында қызмет етеді. Біз журналистің мақаласы үшін жала жабу туралы қылмыстық іс қозғауды алып тастап қана қоймай, оны әкімшілік кодекстен шығарып, азаматтық құқықтық қатынастар саласына көшіру қажет деп санаймыз.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір басымды бағыты – шенеуніктердің оффшорлық аймақтардан халықтан алынған миллиардттаған қаражатты ел игілігіне қайтару болып табылады.
- «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, басқа да мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының оффшорлардағы банктік шоттарына қатысты банк құпиясының жойылуын талап ету жұмыстарын жалғастырады.
- Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз заңнамаға сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде «шығу тегі түсініксіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынамыз.
- Грузия тәжірибесіне сәйкес сот және құқық қорғау жүйесін реформалау – демократиялық басқарудың және әділетті мемлекеттің маңызды бөлігі болуы керек.
- ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАНДА
- Ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8% - дан аспайтын етіп шектеуді.
- Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек, онда кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс. Біздің азаматтарды баспанасыз қалдыруға болмайды!
- Халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Бұл қорлардың қаражаттары, олардың қызметкерлерінің жалақылары мен шығындары ашық талқыланып, Парламентте мақұлдануы керек.
- «Ақ жол» демократиялық партиясы БЖЗҚ-ғы салымшылардың жеке шоттарында жиналған қаражаттарды орналастыруды дербес басқаруға рұқсат беруді ұсынады, мысалы салымдарға кепілдік беру мемлекеттік жүйесінің көлемі шегінде БЖЗҚ-да өз жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастыру. Мұндай депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жағын да қайта қараған жөн.
- Зейнетақы шоттарындағы жиналған қаржыны банктердің депозиттеріне салса, жеткілікті жинақ сомасы Үкімет мәлімдегендей 5-6 миллион теңге емес, 2-3 миллион теңге болады. Яғни, бұл қаржы тұрғын үй бағдарламаларына әлеуетті қатысушылардың санын 700 мың адамнан (үкімет болжамдары бойынша) 1,5-2 млн. және одан да көп адамға дейін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қаржаттарын да нақты салымшылармен ұштастыру керек.
- Ауылдан қалаға көшіп келетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер өндіріс салаларына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымдар үшін үй-жайлары бар шағын әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс.
- Жас отбасыларын ынталандыру және бала туу өсімін арттыру үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін ипотекалық несиелер бойынша әрбір бала туғанда 25%-тік субсидиялауды ұсынып келеді. Сонда екінші бала туғанда мемлекет ипотеканың жартысын, ал 4-ші бала өмірге келгенде – түгелін өзі жабуға тиіс болады.
- Әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиіс, ол толыққанды тамақтануға, киім-кешекке, коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитын тұтыну корзинасының нақты құнымен айқындалуы тиіс. Еуропа елдерінде тұтыну кәрзеңкесі мәдени ойын-сауық шығындарын да қамтиды, өйткені ол тұрмыс сапасына ықпал етеді.
- Пандемияға байланысты жағдайлар білім беру, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік төлемдерді цифрландырудағы сәтсіздіктер, оның шұғыл қажеттілігін анықтады. Цифрлық, оның ішінде қашықтан оқытуда, мемлекет пен азаматтардың, ұйымдар мен клиенттердің өзара іс-қимылдарының әдістерін дамыту – жалпы әлемдік бағыттардың бірі болып тұр.
- «Ақ жол» демократиялық партиясының әлеуметтік саясатының басымдығы – сапалы және қол жетімді білім. Балалардың таланты ата-анасының тұрғылықты жеріне немесе кәсібіне байланысты емес.
- Тұтастай алғанда, талантты жастардың елден кетуін («ғұламалардың жылысауын») тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет. Жыл сайын мыңдаған талантты жас жігіттер мен қыздардың Қазақстаннан кетіп, қайта оралмауы біздің ұлттық трагедиямыз.
- Мұғалім еңбегінің ел болашағы үшін баға жетпес маңызын ескере отырып оқытушының жалақысын Еуропа елдері деңгейіне көтеріп, оны еш қажеті жоқ есеп-қисап қағазбастылық пен өз жұмысынан басқа жүктемелерден босату, оның ішінде сайлау комиссияларына қатысуды шектеу керек.
- ЖОО-ның білім бағдарламасын, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жетілдіру үшін оған шынайы дербестік беру, оқу мен ғылыми үрдістерді ұйымдастыру мәселесінде, ректорды сайлауда Ғылыми кеңестің құзырын кеңейту қажет. Яғни ЖОО-ның ұзақ мерзімге бағытталған үдемелі әрі тұрақты дамуына академиялық қауымдастықтың өзі кепіл болуға тиіс.
- Пандемия кезіндегі оқиғалар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықсыздығы мен мүшкіл жағдайын ашық көрсетті. Педагогтардың мәртебесі туралы қабылдаған заң секілді, «Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәтебесі туралы» арнайы Заң қабылдап, олардың адами, материалды және де кәсіпқой жағдайын қорғап, тәуекелді төлемдерін бекіту қажет.
- НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
- экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты (3-5 жылдан астам) жұмыс істегеннен кейінгі 50% қайтарым;
- Заңда қарастырылған инвестициялық преференцияларын бермегені үшін шенеуніктердің жауапкершілігін Әкімшілік кодексіне енгізу қажет.
- Еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату. Олардың экономикаға қосатын үлесі – жаңа технологиялар, жұмыс орындары және білікті кадрларды даярлау.
- Негізінде, инвесторларға шенеуніктердің ойдан шығарған емес, бизнестің өзі сұраған преференциялар ұсыну керек. Мемлекет, бизнестің шартты міндеттемелерге сай кез-келген преференцияларын қарастыруға ашық болуы қажет.
- Салықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан (ҚҚС), корпоративтік табыс салығынан (КТС) және мүлік салығын төлеуден ШОБ төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін босатуды;
- Ауылдағы шағын кәсіпкерлік пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды ұсынды. Біз осы адамдарға алғыс айтуымыз керек, өйткені олар ауылдық жерлерде жұмыс істейтіні, мемлекеттің мойнына отырмай және өз отбасыларын өздері асырайтындары үшін қолдауға тиістіміз.
- ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) несиесі бойынша пайыздық мөлшерін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшері деңгейіне дейін төмендету мәселесін қайта көтеру қажет. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын қаражат бойынша Ұлттық банк ноталарының мөлшерін де осылай төмендету керек. Сонда ғана банктер бос қаражатын экономиканы несиелеуге жұмсауға мәжбүр болады.
- Күні бүгін Қазақстанда жаңа өндірісті жобалық қаржыландыру механизмі қалыптаспаған, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін капиталдың тиімді бағасы Ұлттық банктің саясаты мен ЕДБ-іне қажетті қорды жасақтайтын реттеушінің салдарынан жылына 16%-ды құрайды. Іс жүзінде банктер кепілдікке қоятын активтері бар, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік топтарды ғана несиелеп отыр, жаңа өндірісті дамытуға мүмкіндік жасамайды.
- Бірінші кезекте бизнестің сұрауы бойынша ЕДБ-ларды қазіргі барлық несиені бұрынғы қарыз жүгінсіз төмендетілген жаңа 6%-дық мөлшермен қайта қаржыландыруға міндеттеу керек болады.
- Ұлттық банк пен Қаржы нарығы агенттігіне ЕДБ-мен бірге бұндай қайта қаржыландырудың құқықтық реттеуін қарастыру керек.
- 2025 жылға дейін ШОБ-қа деректер мен электрондық шот-фактураларды міндетті түрде тапсырумен кассалық бақылау аппараттарын енгізу кейінге қалдырылсын.
- ШОБ-тың айналымы қалпына келгенше ЕТҚ-ны салықтан босатуды, бизнестің босатылған қаражатының кемінде 50%-ын қызметкерлерге жалақы төлеуге міндеттелсін.
- ШОБ-ты қолдау шараларын ЖШС түріндегі орта бизнеске қолдану. Бүгінгі кезде бұл шаралар (мысалы, КТС нөлдік мөлшері) жеке кәсіпкерге ғана қолданылады.
- Отандық өндірушілерді қолдау және олардың монополистер көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығындарын азайту мақсатында кәсіпкерлердің өздерінің таңдауы бойынша электр энергиясын тұтыну үшін түнгі тарифтерді қолдану тәжірибесін жаңғырту, іске қосу. Бүгінде түнгі тарифттерден бас тарту тиісті шығындарды 12-15% - ға арттырды.
- Экономиканы жетілдіруді көмірсутегінсіз дамыту және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту тұрғысынан қарастыру қажет.
- Тұтастай алғанда, монополистер (ең алдымен энергетика және темір жол көлігі салаларында) және олардың әкімдіктер жанындағы басқарушы құрылымдары тарифтерінің негізділігіне толық ауқымды тексеру жүргізу керек, артық төленген қаражатты негізсіз жоғары тарифтер бойынша қайта есептеу мен қайтарылуы жүргізілуі тиіс.
- Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасындағы тоғышарлық делдалдық құрылымдарды жоюдың экономикалық және саяси қажеттілігі пісіп-жетілді. «Бәйтерек» қоры, «ҚазАгро», Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) сияқты барлық даму институттары және т.б. бизнесті қолдау үшін құрылған даму институттары мемлекеттен бөлінетін қаражаттар мен ресурстарды өздеріне шоғырландырып, оларды сыбайлас жемқорлық тетіктерімен жиі байланыстағы меншікті сүзгі арқылы бөле отырып, іс жүзінде «жіңішке мойын» болып табылады. Бизнеске көмекке бөлінген миллиардтық қаражаттар саналы түрде игерілмейді, жылдар бойы ЕДБ депозиттерінде жинақталады, ал түскен пайыздар менеджерлер арасында өзара бөлінеді.
- Табиғи монополиялармен және ерекше мемлекеттік мүдделермен тікелей байланыстағы ұлттық компаниялар ғана жұмыс істеуі керек. Мұндай компаниялардың барлық еншілес фирмаларын жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортаға түсірілуі керек.
- Өз өндірісінің тұтыну тауарларының жетіспеушілігі мәселесі шиеленісе түсті. Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауыр ауытқуын және инфляциялық тәуекелдерін туғызды.
- Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын және дайын өнімдер өндірісін дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін әкелінетін шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен жинақтауыштарға кедендік әкелу баждарын барынша төмендету ұсынылады.
- Бәсекелестік қабілеті жоқ бизнесті қайткен күнде де босқа қолдау үшін импортты алмастыру көзсіз мақсат болмауы керек. Отандық өнім Қазақстанның ғана емес, халықаралық нарықтың да ең қатаң талаптарына лайық болуға тиіс. Осы мақсатта елдегі техникалық реттеу саясатын түбегейлі қайта қараған дұрыс.
- Экономикалық кемшіліктер толығымен қылмыссыздандырылуы керек. Экономикалық саладағы заң бұзушылықтар экономикалық әдістермен, ең алдымен қатаң айыппұлдармен жазалануы керек.
- «Эпидемиологиялық бақылау» деген желеумен әр түрлі түсініксіз топтардың бизнесіне негізсіз және жалпы қысым жасауды тоқтату. Бұл «бақылау» уәкілетті органдардың үнсіз келісімімен жаппай бопсалау мен бопсалаудың түріне айналды. Кәсіпкерлікті тексеру тәртібі Кәсіпкерлік кодексінде нақты көрсетілген.
- Корпоративтік нарықтың басым бөлігі келетін ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуі тиіс. Шетелдік шикізат алыптары қазақстандық өндірушілерге немқұрайлы қарайды. Олар жыл сайын 8 триллионнан астам теңге сомаға өнімді шетке шығарады, бірақ оның көп бөлігі Қазақстанда бар немесе өндірілуі мүмкін.
- САЛИҚАЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ