Президент Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңға қол қойды
2020 ж. 11 желтоқсан
1570
0
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.