Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
2020 ж. 02 желтоқсан
4658
0
Назарбаев өкілеттігін тоқтатпас бұрын Тоқаевпен не туралы сөйлесті? Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті "Хабар" телеарнасының эфиріндегі сұхбаты барысында айтып берді, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Назарбаевтың айтуынша, ол отставкаға кететінін мәлімдеудің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай қадамға бармас бұрын тағы бір мәрте ойлануды сұраған.
"Мен 19 наурызда өкілеттігімді тоқтататынымды жарияладым. 18 наурызда жаңа үлкен мешітте тас орнаттық. Кейін Тоқаевпен бірге менің көлігіммен оралдық. Ол келесі күні жариялайтынымды білді. Ол: ойланыңыз, мүмкін бұл ойдан бас тартасыз",- деді. Бірақ мен: іштей осылай шештім, қабылдауға дайындал", - дедім деп еске алды Елбасы.
Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң мемуарлар жазуға кірісетінін ойлаған. Алайда қазір уақыт жоқ дейді.