Мұрат Бақтиярұлы: Биліктің ұстанымдарына мүлде қарама-қарсы шығып келе жатқан "Ақ жолды" нақты оппозиция деуге болады (видео)
2020 ж. 23 қараша
2836
3
-Ал сіздің жаңағы оппозициялық партия туралы сұрағыңызға келетін болсақ, парламентте оппозиция болуы керек! Бірақ ол жасанды емес, нақты оппозиция болуы керек.
-"Ақ жол" партиясы жасанды оппозиция бола ма, шынайы оппозиция ма?
-Мен тағы да айтамын, парламентке өткеннен кейін шынайы оппозиция болуы керек! Оппозиция деген жау емес қой! Кейбір тұжырымдамалық мәселелерде көзқарас қайшылығын білдіріп, оны дәлелдеп отыруы керек.
-Бізде сайлауға қатысатын 6 партия бар, сіз оларды жақсы білесіз. Оларға қарап, шынайы оппозицияны парламентке жібереді деп ойлайсыз ба?
-Меніңше, шынайы оппозиция болуға "Ақ жол" партиясының мүмкіндігі бар. Өйткені, соңғы екі жылдың көлемінде "Ақ жол" партиясының мысалы экономикалық дамуға байланысты ұстанымдары қазіргі биліктің ұстанымдарына мүлде қарама-қарсы. Ол бар. Соңғы екі жылдағы меніі өзімнің көріп жүргенімді айтып отырмын.
Белгілі сенатор, ұлттық мүддені қорғаушы қайраткер Мұрат Бақтиярұлының "Жаңа көзқарас" хабарына берген сұқбатынан