«Ақ жол» партиясының сайлауалды құрылтайы биылғы жылдың 20 қарашасында өтеді
2020 ж. 04 қараша
1091
0
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды құрылтайы биылғы жылдың 20 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының филиалдары төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық Кеңесінің пленумында осындай шешім қабылданды. Отырысты онлайн режимде партия төрағасы Азат Перуашев өткізді.
«Құрылтайдың өтетін орны мен күн тәртібіне қатысты ұсыныстарды дайындауды партияның орталық аппаратына тапсырамыз», – деді Азат Перуашев. - Алдағы құрылтайдың форматы коронавирусқа, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты таңдалады. Филиалдарға сайлауалды бағдарлама жобасы жіберіледі. Өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды дайындауды сұраймын» Сондай-ақ, Орталық Кеңес құрылтай күн тәртібінің үш мәселеден тұратын жобасын бекітті. Олар: Партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына қатысуы туралы, партиялық тізімдерді бекіту туралы, партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы туралы.
«Партия басшылығы 24/7 режимінде «non-stop» жұмыс тәртібіне көшті, сондықтан бәріңіздің байланыста болып, ағымдағы және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешулеріңізді сұраймын», - деді Азат Перуашев партиялас әріптестеріне.