Экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталды
2020 ж. 31 қазан
1676
0
Сенбі, 31 қазанда қазақстандық мессенджерлерде бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны туралы ақпарат тарала бастады, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ratel.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел ақпарат мәтінінің фотосуреті бар хабарламада айтылғандай, экс-министр ақпараттандыру платформасын сатып алуға қаражат ұрлады деген күдікке ілінген.
30 қазан, жұма күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Тергеу департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция департаментінің тергеу изоляторына бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ қамалған.
Ratel.kz хабарлағандай, ол 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелуде. Атап айтқанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу алаңын сатып алуға 526 млн.теңге көлемінде қаражатты жоқ қылған.
Естеріңізге сала кетейік Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған.
Бұл позицияда ол көптеген жанжалдармен бірге жүретін коронавирус пандемиясының алғашқы соққысын алуға мәжбүр болды.
2020 жылы 14 маусымда Біртановтың өзі коронавирусты жұқтырғаны анықталды.
25 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Біртановты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен босатып, оның орнына Алексей ЦОЙДЫ тағайындады.