«Президенттің кетуге құқы жоқ» – Отынбаева
2020 ж. 13 қазан
1973
0
Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева қазіргі ел президенті Сооронбай Жэннбековпен кездескенін мәлімдеді.
Сондай-ақ экс-президент Жээнбековтың қазір президенттіктен кетуге құқығы жоқ екенін, қайта қиын сәтте халыққа қорған болу керек екенін айтқан, - деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Оған қазір кетуге болмайтынын айттым. Ең алдымен, Сооронбай Жээнбеков республикаға, мемлекетке, қырғыз халқына адал қызмет етуге ант берді. Қазір ол керісінше, еңсесін тіктеп, бәрімізге қорған болуы керек», - дейді экс-президент.
Отынбаеваның айтуынша, президенттің рөлі осындай қиын жағдайда бұрынғыдан да маңызды болмақ. Президент берген уәдесінде тұрып, барлық мәселені заң аясында реттеуге күш салуы керек.
Еске салайық, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтін жаппай наразылық басталды. Осыдан бір апта бұрын басталған Бішкектегі жаппай тәртіпсіздік әлі жалғасып келеді.