Қазақстанда алты әкім отставкіге кетті
2020 ж. 05 қазан
1417
0
Қарамағында қызмектері сыбайлас жемқорлық қылмысқа барып, сотталғаны үшін 6 әкім отставкіге кетті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Тікелей бағыныштылардың жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институты нормативтік тұрғыда реттелді. Ол биылғы жылдың 9 айында өзінде тиімді құрал екенін дәлелдеді. Саяси басшылардың отставкаға кетуіне қатысты қарастырылып отырған кезеңде аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, 6 әкім жұмыстан шығарылды», - деді онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысовтың, Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставкалары қабылданбай, оларға сөгіс жарияланған.
- 28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін хабарланғандай, оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енген болатын. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралуда. Оның орынбасары Тәжібаев сотталды. 8 қыркүйекте оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім заңды күшіне енді. 5 іс әлі мониторингте, - деді Данияр Бекайдаров.