Тоқаев құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді
2020 ж. 03 қыркүйек
1280
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді. Президент аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру механизмінің кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатысты.
- Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов
- Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев
- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов
- Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов
- Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев
- Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов
- Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов
- Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин
- Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев