Ұлттық кеңес құрамында ротация жасалды
2020 ж. 21 тамыз
1118
0
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында кезекті ротация жасалды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді.
Ротация аясында Кеңес құрамынан Д.Әшімбаев, М.Тайжан, С.Құттықадам, Б.Мусин және Ж.Қожық шығарылды.