ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оқшауланды
2020 ж. 15 маусым
1487
0
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды.
12.06.2020 ж. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды.
Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-Министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс. Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді.
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады.