ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ НЕМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮРГЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2020 ж. 12 маусым
4717
0
Сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Бұл ақпаратты ұйым қызметкері растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты жиналыс өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен өткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова.
Қазақстан жастары конгресі Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдің жастар бірлестіктерінің ең ірі ұйым болып саналады. Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бастап басқарады.
Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін Сенат төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.