Мұндай азаматты қолдауымыз керек
2012 ж. 28 қазан
1526
2

Қош, ендi айтайын деген мәселеме көшейiн. Ислам Әбiшевтiң Ауыл шаруашылығы министрлiгiне қарасты Су ресурстары комитетiнiң төрағасы болып келгенiне де көп бола қойған жоқ. Мұның алдында ол Өскемен қаласының әкiмi болды. Әкiм ретiнде халықтың көңiлiнен шыға бiлдi. Қандай әкiм халықтың көңiлiнен шығады, шыға алады? Iскер әкiм. Иә, тек iскер әкiм ғана!
Ислам Әбiшев өзiнiң iскерлiгiн Су ресурстары комитетiнде де көрсете бiлдi. Қалай? Қайтiп? Ендi соған келейiн. 2011 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың үш насосын ауыстыру үшiн жобаланған қаржы 3 миллиард теңгеден асып жығылған. Бұл қаржының басым бөлiгi 2011 жылы игерiлген. Осыдан соң тағы да төрт насосты ауыстыруға тура келген. Бұл жұмысқа аталған мекеме 6 миллиард теңге сұраған. Осының бәрiне күдiкпен қараған Ислам Әбiшев мамандарға қажеттi қаржыны қайта есептеттiрмей ме. Сөйтсек, төрт насосты ауыстыруға 6 миллиард емес, 1 миллиард 800 мың теңге қажет екен. Солай бола тұрса да, Қ.Сәтбаев атындағы каналдың басшысы Тұрғанбай Сәрсенбаев тұрып алған ғой “Бiзге 6 миллиард керек!” деп қасарысып. Осы тiрлiгi үшiн, яки мемлекеттiң ақшасын, халықтың ақшасын оңды-солды шашқаны үшiн Т.Сәрсенбаев орнынан алынды.
И.Әбiшев бұдан басқа да қилы қитұрқылықтарды ашты. Мәселен, Солтүстiк Қазақстан облысының су құбырларының картасы бойынша барлық ауылға су құбырлары жүргiзiлуi керек деп шешiлген. Ал тексере келгенде, көптеген ауылда адамдардың тұрмайтыны анықталған. Адам тұрмайтын ауылға су құбыры не үшiн керек? Ал әлгi қулар “ауылдардың бәрiне құбыр жүргiзiлдi…” деп ақша жеген. Мемлекеттiң ақшасын жымқырғысы келгендер түрлi айла-амал табатыны белгiлi ғой. Әсiресе, осындай амал-айлалар елiмiздiң су шаруашылығында өте көп (Оның шет жағасын өзiм де көрдiм).
Мiне, осындай жемқорлықтармен, тәртiпсiздiктермен, бетiмен кетушiлiкпен, жаныашымастықпен Ислам Әбiшев күресiп-ақ жатыр. Осы азаматты қолдауымыз керек.
Жақында И.Әбiшев баспасөз мәжiлiсiн өткiздi. И.Әбiшев “397 миллиард теңге жұмсалады” деген жобаны бастан-аяқ тексерсе, бұл жобаға бар-жоғы 95 миллиард теңге жетiп-артылады екен. Ал қалғаны қайда кетедi? Әрине, шенеунiктердiң iшiп-жеуiне, қыдыруына, төгiп-шашуына. Осыны тоқтатты И.Әбiшев.
Жоғарыдағы баспасөз мәжiлiсiнiң барысынан байқағаным және республикалық басылымдардан оқығанда аңғарғаным, жеп үйренiп қалған шенеунiктер (үлкенi бар, кiшiсi бар және олардың “крышасы” бар), жегенде де ұйымдасып, ұжымдасып, топтасып жеп қалған, асап үйренген лауазымды шенеунiктер Ислам Әбiшевтi тыныш күйiнде қоймайтын сияқты. Тiптi, “шабуылды” бастап та жiбердi.
Бұлар мың жерден “шабуылдаса” да, Ислам Әбiшев өзiне нық сенiмдi көрiндi. Баспасөз мәжiлiсiнде ол бәрiн ашық айтты. Ештеңенi жасырған жоқ. Әдетте, қолы таза емес шенеунiктiң сөзi де сұйық әрi бұлыңғыр, сонан кейiн көп нәрсенi жасырып-жауып, бетiнен сипап, алыстан орағытып сырғыта бередi. Ал И.Әбiшев негiзгi, түйiндi мәселелердi түгел ортаға салды (өзiм осы саланың маманы болғандықтан, мұның бәрi маған жете таныс).
Менiң ойымша, ендi Ислам Әбiшевтi бәрiмiз қолдауымыз керек. Бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзу үшiн.
Нұрхан Қоғабайұлы,
гидротехник,
Алматы қаласы.
"Жас Алаш" газеті