ЖЕР БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ!
2020 ж. 09 сәуір
2623
1
ЕАЭО елдеріне ЖЕР БЕРУ мәселесі "АҚ ЖОЛ" АРАЛАСЫП, ТОҚТАТЫЛДЫ
Үкімет сайтындағы ЕАЭО елдері кәсіпорындары үшін жер беру мәселесі туралы заң жобасы дайындалуда деген ақпарға елдің бәрі өре түрегелді! Осыдан 4 жыл бұрын жер дауы көтерілгенде-ақ 2016 жылы
Қазақстанның демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының Жер реформасы мәселесіне арналған отырысында бұл мәселеге қарсы шыққан
"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев тағы да бірден қарсылығын білдірді.
Твиттердегі аккаунтында:
"Мемлекеттік органдардың ЕАЭО-ға қатысы бар кәсіпорындарға Қазақ жерін меншікке беруге шешім дайындауына байланысты, "Ақ жолдың" ұстанымы: сепаратизмді болдырмау үшін, шекаралас елдердің азаматтары мен компанияларына жерімізді беруге болмайды!"-деп жариялады. Сонымен бірге бұл мәселеге қарсы Үкіметке депутаттық сауал дайындап жатқанынан хабардар болған соң Үкімет сайтынан әлгі 21 сәуірге дейін талқылауға қойылған "қаралы хабар" жоғалып кетті де, бұл мәселе қайтып көтерілмейтіні белгілі болды!
Құдайға шүкір дейік!
Бұл мәселеге белгілі қоғам қайраткерлері Ермурат Бапи, Мұқтар Тайжан, Margulan Boranbayлар да фейсбук парақшаларында аттан салып, дабыл қағып шыққан болатын! "Ақ жол" араласып, мәселе күн тәртібінен түскесін Марғұлан Боранбай жүрекжарды лебізін парақшасына жазып жариялады! Рахмет Марғұлан Боранбай бауырым! Жарайсың! Нағыз Ұлтшылдар осылай әділін айтып отыруы керек! Жер ЕАЭО елдеріне беріліп кете ме деп елеңдеген елдің көңілі енді орнына түсуде!
Қалғып кетсең, қағып түсер қастық ниеттегілер қайдан пайда бола береді! Енді осы заң жобасына кім бастамашы болды, соны анықтап, жазасын беру қалып тұр!
Қайта-қайта қастық пиғылдар бас көтере бермеу үшін!
"Жеңістің иесі көп"-дегендей, бүгінде бұл мәселені өздерінің ұпайларына жазғысы келіп жатқандар да табылуда. Мейлі ғой, ең бастысы Жер мен Тілде елдің қарсылығының көбейе бергені. Бірақ, әрине, марғасқа Марғұландардай әділін айтқанға не жетсін?!.
Қазыбек Иса,
Қазақ үні