Тоқаев лауазымды шенеунікті қызметінен босатты
2020 ж. 02 сәуір
40271
0
Бақытжан Намаев президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды", - деп хабарлайды Ақорда сайты.
Өткен жылдың 2 сәуірінде Намаев Қызылорда әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ол өңірдегі агроөнеркәсіп кешені мәселелерін шешуге жауапты еді. Алайда бұл лауазымда 21 күн ғана болып, президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.