Дәурен Абаев "Қазақстанда президент ауысады" деген ақпаратқа жауап берді
2020 ж. 13 наурыз
1447
0
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің 18 наурыз күнгі отырысында президент ауысуы мүмкін деген ақпаратты теріске шығарды, деп жазады КазТАГ.
– Күн тәртібінде (Nur Otan партиясы саяси кеңесі отырысының – ред.) не көтерілетінін қазір нақты айта алмаймын. Сіздің сұрағыңызға келсем, мұндай асүйдегі әңгімелерді доғаруларыңызды сұраймын, шын сөзім. Мен ақпарат министрі ретінде бұны (18 наурызда Қазақстанда президент ауысады деген ақпаратты – ред) теріске шығарамын, – деді министр мәжілісте журналистер сұрағына жауап бере.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында Қазақстанның қазіргі президенті Қ.Тоқаев орнын босатып, президенттікке сенат төрағасы Дариға Назарбаева тағайындалуы мүмкін деген ақпарат таралған.