Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды
2020 ж. 03 наурыз
1764
0
Бүгін Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде Мұхтар Жәкішевтің өтініші қаралды. Судья оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген болатын.
Айта кетсек, Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынын айырылған еді.