Шавкат Мирзиёев: «Еуразиялық одаққа мүше болмаймыз»
2020 ж. 21 қаңтар
4375
1
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өткен жылдың аяғында ғана сайланған депутаттармен алғаш рет кездесуінде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты ой-пікірін ашық айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпараттық агенттігі.
– Біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстен мен Ресейге барып жұмыс істейді. Әрине, бұған бей-жай қарай алмайтынымыз анық. Бірақ мен бір жайтты ашып айтайын, халықтың көкейінде күмән-күдік болмасын. Бізді ешқандай ел ешқашан тәуелсіздікті айыра алмайды. Тәуелсіздік халық сенім артқан президенттің қолында. Біз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болмаймыз, – деп Шавкат Мирзиёев ойын ашып айтты.
Сонымен қатар Өзбекстан президенті Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы болу, мүше болу емес екенін де халықтың есіне салды.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев аталмаш одақпен қарым-қатынас кезінде Өзбекстанның ұлттық мүддесі бірінші орында тұратынын алға тартты.