Экс-президент өлім жазасына кесілді
2019 ж. 18 желтоқсан
1607
0
Исламабадтағы арнайы сот алқасы Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафты мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Арнайы сот алқасы осындай шешім шығарды: үш адамның екеуі өлім жазасына кесуді қолдап дауыс берген. Генерал Первез Мушарраф 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген болатын. Ал 2001-2008 жылдар аралығында президент қызметін атқарды. 76 жастағы Мушарраф қазір Дубайда, оған 2016 жылы Пәкістаннан кетіп, емделуге рұқсат етілген. 2007 жылы өзінің билікте болу мерзімін ұзартып, ерекше жағдай енгізіп, конституцияны тоқтата тұруына қатысты Мушаррафқа айып тағылған болатын.
Мушаррафтың үстінен қылмыстық іс 2013 жылы үкіметтің араласуымен қозғалды. Мушарраф - конституцияны бұзды деген айыппен сот алдына келген алғашқы мемлекет басшысы.