Лукашенко Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді
2019 ж. 25 қазан
1708
0
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Беларусь президентін құрметті қарауыл сап түзеп қарсы алды.
Салтанатты рәсім барысында ұлттық ұлан оркестрі Қазақстан мен Беларусьтің әнұранын орындады.
Салтанатты рәсімнен кейін шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтеді. Содан соң екі ел президенттері бірлескен мәлімдеме жасайды.
Айта кетсек, Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан астанасына кеше келді. Ресми сапар екі күнге созылады.
Лукашенконың Қазақстанға сапары аясында Нұр-Сұлтанда Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Дипломатиялық өкілдік Тәуелсіздік алаңының маңындағы елшіліктер қалашығында орналасқан.