Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады
2019 ж. 09 қазан
4521
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Байжановты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды", - деп жазылған ресми хабарламада.
Ғалым Байжанов кім?
Ғалым Байжанов 1963 жылы туған. Ол "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Генерал-лейтенант ақпан айында сыртқы барлау қызметіне қайта оралған еді.